Балабақшада 2018 жылдың жаз мерзімінде 11 маусым – 15 маусым аралығында жазғы сауықтыру жұмыс жоспарына сәйкес «Денсаулық» апталығы өтті. Денсаулық аптасының аралығында балалардың қатысуымен мерекелер мен іс-шаралар өтті. Тәрбие-оқу жұмысының барысында педагогтар балалармен «Біз мықтымыз», «Дені саудың – жаны сау» атты  спорттық жарыстар мен дұрыс тамақтанудың ұйымдастыру мақсатында «Дәрумен барлық жерде, ең алдымен үстелде» іс-шарасы өткізілді.

 

 

 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

ІІ кіші тобы спорт алаңына шығып, әртүрлі жаттығулар жасады. Балаларға қонаққа Көбелек келіп, көңілдерін көтерді.

Спорт жетекшісі М.Япиева ортаңғы және ересектер топтарымен спорттық жарыс өткізді. Спорттық жарыс барысында қонаққа Сайқымазақ келіп, балаларды 2 командаға бөліп жарыстырды. Ойын 5 кезеңнен тұрды.

 

 

Жарыстың бөлімдері:

  1. «Кім бірінші?» ойыны;
  2. «Көңілді пингвиндер» ойыны;
  3. «Эстафеталық» ойындар;
  4. «Кім епті?» ойыны.
  5. «Арқан тартыс»