Қазақстанның байтақ, кең даласы әрдайым құшақ жайып көптеген ұлттарды қарсы алады деуге болады. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын білеміз.

Бұл біздің қазақ елінің кеңпейілді, адамгершілігі   мол, парасатты екенін көрсетеді. 1-мамыр «Бейбітшілік пен ынтымақ күні» мерекесін өскелен жас ұрпақтарды білуге тәрбиелейік және елін, жерін, ұлтың, тілін, халқын сүюге, құрметтеуге шақырайық.